Түлкібас аудандық мәдениет үйінің ауласында карантиндік шараларды сақтай отырып аудан әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімінің» ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде 30 жұмыс беруші мекемелерден 152 бос жұмыс орындары туралы мәлімет ұсынылды.
75 жұмыссыз адамға «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес заңдылықтарын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жиырма тоғызға дейінгі жастар мен жалпы жұмыссыз азаматтарға «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жастар практикасы, алғашқы жұмыс орны жобасы, ақылы қоғамдық жұмыстар мен қысқа мерзімдік кәсіптік оқыту курстарына қатысу тәртібі түсіндіріліп, бағдарламаға қатысуға шақырылды.
Жәрмеңке барысында ұсынылған бос жұмыс орындарына 15 жұмыссыз азаматтар жұмысқа жолданды. Оның ішінде 5 адам пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған азаматтар, 1-мүгедектігі бар азамат, 9-ы жұмыс іздеуші азаматтар қатарынан.
Бос жұмыс орындарының ішінен білім саласынан орыс тілі және әдебиеті, математика пәндері мұғаліміне және әр түрлі саланың жұмысшыларына сұраныс көп болды.