Түлкібас ауданында Түркістан облысы бас мемлекеттік санитарының №14 қаулысындағы шектеулерді бұқара халық пен кәсіпкерлік нысандардың иелеріне түсіндіру жұмыстары қарқынды жүруде.
Аудан әкімдігінің жаңынан құрылған мобильді топтар ауданды үш негізі бағытқа бөліп, халық көп шоғырланатын орындар мен кәсіпкерлік нысандарын аралап, тұрғындарға соңғы қаулыдағы талаптарды түсіндіруде. Сондай ақ, халықпен етене араласып жұмыс істейтін кәсіпкерлерді ұжымдық имунитет қалыптастыру мақсатында егпе алуға шақыруда.