Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРҒА ЕГІСТІК АЛҚАПТАРЫН АҒЫН СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРҒА ЕГІСТІК АЛҚАПТАРЫН АҒЫН СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Осыдан екі апта бұрын облыс әкімі Ө.Шөкеевтің бастамасымен аймақтағы мал азығының тапшылығын шешу мақсатында Қазығұрт ауданында көшпелі семинар өткен болатын. Маңызды семинар Түлкібас ауданында жалғасын тапты.
Аудан әкімі Н.Байғұттың төрағалығымен өткен семинарға ауыл әкімдері, шаруа қожалық төрағалары, мәслихат депутаттары мен Жамбыл облысынан «BNK Grup Ltd» ЖШС-нің өкілдері қатысты.
Жиынның күн тәртібінде қазіргі таңда бүкіл әлемді алаңдатып отырған маңызды мәселе егіндік алқаптарын ағын сумен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.
Семинарда аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ж.Керімқұлов аудан аумағындағы егістік алқаптарының бүгінгі жағдайын баяндап, ағын су тапшылығын жою мақсатындағы іс-шара жоспарымен бөлісті.
Келесі кезекте мінбеге Жамбыл облысынан арнайы шақыртылған «BNK Grup Ltd» ЖШС-нің сауда менеджері Н.Құлтаев көтеріліп, ағын суды үнемдеп, егін алқабынан мол өнім алуға мүмкіндік беретін заманауи жамбырлатып суғару техникаларының презентациясын жасады.
Аталған техникалар шаруаларға өте тиімді, бағасыда қол жетімді.
Қырлы-сайлы ауданымыздың жеріне қолайлы «Барабанды типтегі жаңбырлатып суғару машинасының» бағасы 9 млн.теңге тұрады. Оның 50 пайызы субсидияланады. Яғни, 4,5 млн.теңгесі. Қалған соманының үштен бір бөлігін лизингтке рәсімдеуге болады. Пайдалану жолы да өте тиімді. Егістік алқабының маңынан өткен арықтан насос арқылы суды сорып, агрегат суды биікке көтеріп 70-100 метр ара қашықтықта атады. Құбырының ұзындығына сәйкес егістік бойындағы арықтар арқылы қозғалыста болады. Бір барабандағы құбыр ұзындығы 400 метрді құрайды. Агрегатпен суғару арқылы жылына жоңышқаны бес орымға дейін алуға болады. Үш орым алғанның өзінде өнімділікті арттырудың арқасында 30 га жерден қондырғы құнын бір жылда қайтаруға болады. Дәстүрлі егіншіліктен қарағанда өнімділігі 2-3 есеге артып, 5 есеге дейін ағын су үнемделеді. «BNK Grup Ltd» ЖШС-гінің өкілдері қызығушылық танытқан шаруа қожалықтарына тениканы алу үшін құжаттарын рәсімдеуге барынша қолдау көрсететіндіктерін жеткізіп, бір аптаның көлемінде рәсімдеуге болатындығын атап өтті.
Аталған агрегат аудан шаруаларының көпшілігінің көңілінен шығып, қызығушылық танытқан шаруашылық төрағалары техникаға қатысты сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Алдағы аптада техниканың жұмысын егін алқабында практика жүзінде көруді сұранды.
Семинарды қорытындылаған аудан әкімі семинарда айтылған ұсыныстарды басшылыққа алып, келесі аптаның сәрсенбісінде техниканы практика жүзінде көру мақсатында егін алқабында көшпелі семинар ұйымдастырылатындығын жеткізді. Алдағы уақытта шаруаларға қолайлы жағдай жасау мақсатында аудан аумағындағы 13 613 гектар суармалы жерді қайта айналымға қосу басты жұмыс бағытының бірі екенін атап өтті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*