Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТАСЫМАЛЫ СЕНБІ-ЖЕКСЕНБІ ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТАДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТАСЫМАЛЫ СЕНБІ-ЖЕКСЕНБІ ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТАДЫ

Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №16 қаулысына сәйкес, жұмыс істейтін азаматтар (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) 2021 жылғы 10 тамызға дейінгі мерзімде COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентімен, ал 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде вакцинаның екінші компонентімен профилактикалық егу жұмыстарын жасату сұралады.
Ал, COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыс істейтін азаматтар (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) көзбе-көз режимде жұмысқа жіберуі шектеледі. Сонымен қатар, «Ashyq» жобасына қатысатын және қатыспайтын әлеуметтік-экономикалық обьектілердің қызметі белгілі уақытқа дейін шектеледі. Атап айтқанда, мейрамхана, дәмхана, кофехана типі бойынша толымдығы 50% аспайтын «Ashyq» жобасына қатысатындар 07:00-00:00-ге дейін, қатыспайтындар 07:00-18:00-ге дейін жұмыс істейді.
Жазғы алаңдар толымдылығы 50%-дан аспай «Ashyq» жобасына қатысатындары 09:00 ден 00:00-ге, қатыспайтындар 09:00-18:00-ге дейін жұмыс істейді. Сауна, спа-орталықтары, спорт кешендері, бассейн, спорт-сауықтыру кешендері сенбі-жексенбі жұмысын тоқтатады. Көлік тасымалдары бойынша облысаралық және қала аралық тұрақты емес (туристтік) тасымалдау қызметі 75% толымдылығымен, 15 адамнан аспай жұмыс істеп, сенбі-жексенбі жұмысын тоқтатады. Караоке 50% толымдылықпен 30 адамнан аспай, жұмыс уақыты 7:00-00:00-ге дейін, істейді. Сенбі-жексенбі жұмысы тоқтатылады.
Марафондар (ашық ауада) 30% толымдылықпен, спорттық іс-шаралар 20% артық емес ұйымдастырылады. Алаңы 500-1000 шаршы метрге дейін балалар ойын-сауық орталықтары кемінде 10 ш.м қашықтықта 30 адамнан аспай жұмыс істейді. Сенбі-жексенбі жұмысы тоқтатылады. Аталған қаулы 2021 жылдың 22 шілдесі сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*