Төлеби ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның мәжілісі өтті. Жиынға комиссия мүшелері қатысып, күн тәртібінде Тасарық, Зертас ауылдық округ әкімі аппаратының, аудандық жер қатынастары бөлімінің 2020 жылы және ағымдағы жылдың 6 айында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Қ.Қожанов, Тасарық ауылдық округінің әкімі Б.Алтынбеков, Зертас ауылдық округінің әкімі Ж.Үсіп жыл көлемінде атқарылған жұмыстарға баяндама жасады.
Тасарық ауылдық округ әкімі Бақтыбек Сейітханұлы хабарламасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабы 5 тармағының талаптарын орындау мақсатында ауыл әкімі тарапынан өкімдер қабылданғанын, осыған сәйкес іс-шаралар жоспары түзіліп, біршама жұмыстар атқарылғандығын айтты. Қазіргі кезде округте ауыл тұрғындардан келіп түскен арыз-шағымдар саны 28 болса, былтырғы жылы бұл көрсеткіш 50 болған. Толық қанағаттандырылған өтініш саны 7, түсінік берілгендер саны 21. Әдеп Кодексі бойынша сенім телефоны, қабылдау кестесі, «Сыбайлас жемқорлықпен күресу – әр азаматтың борышы» тақырыбындағы мақала аудандық «Төлеби таңы» газетінде жарияланған. Қабылданған нормативтік құқықтық актілер тізімі тоқсан сайын заң бөліміне ұсынылып отырады.
Зертаста аппарат қызметкерлері өз табыстары жөнінде декларацияларын аудандық кірістер басқармасына уақытылы тапсырды. Мекеме ғимаратында айқындық пен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышына, «Service zone» қызмет түрлері бойынша телефон, аудандық барлық мекемелердің нөмірі жазылған кітапша қойылған. Бюджет қаржысының игерілуі тұрақты бақылауға алынған. Мемлекеттік сатып алу заңының талаптары қатаң түрде сақталған. Ауылдық округтегі адам көп шоғырланатын мекемелерге «Заңсыз ойын бизнесіне – жол жоқ» тақырыбында парақшалар ілінді.
Аудандық жер қатынастары бөлімінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын қолдау және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында, бөлім қызметкерлері тарапынан электронды цифрлы қолтаңба алынып, ХҚКО жүгінбей, қажетті анықтама мен құжаттарды ЭЦҚ арқылы алу жұмыстарын жүргізуде. Аудандық тұрақты жер комиссиясының құрамы аудан әкімдігінің қаулысымен және аудандық мәслихаттың шешімімен бекітілген. Комиссия 6 рет отырыс өткізіп, 457 құжат қарады. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша ХҚКО бойынша 43 жер учаскесі рәсімделді. Төлеби ауданы бойынша qoldau.kz электрондық картасына жайылымдық жерлер енгізілді.
Басқосуды аудан әкімі Төлеген Телғараев қорытындылап, көтерілген мәселелердің маңыздылығын айтып, сыбайлас жемқорлық пен басқа да тәртіп бұзушылықтарды ашу және жою, кінәлі азаматтарды заңнамада белгіленген жауапкершілікке тарту жөнінде қабылданған шараларды комиссияда қаралып отыру қажеттігі жөнінде айтты.