Төлеби ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен жұмыссыз азаматтарға арналған «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өтті. 27-ден астам жұмыс беруші аудан халқына 104-жұмыс ұсынды. Білім, медицина, құрылыс салаларына мамандар қажет. Жұмыс таңдаушылардың арасында жастар да, зейнет жасына жақындаған тұрғындар да бар.
Жәрмеңкені аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Сәбит Елтайұлы ашып, жиналғандарды 27 жұмыс беруші мекемелердегі 104 жұмыс орындары және Солтүстік өңірлердегі бос жұмыс орындарымен таныстырды. Жалпы 100 ге жуық аудан тұрғындары қатысып, 23 адам тұрақты жұмысқа, 5 адам «Жастар практикасы», 63 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолдама алды. Қалған азаматтар жұмыс орындары бойынша жұмыс берушілермен әңгімелесу жүргізіп, кеңес алды.