Төлеби ауданы Бірінші Мамыр ауылдық округі, Жаңажол елді мекенінде Төлеби ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі, №5 өрт сөндіру бөлімі, №32 өрт сөндіру бекеттері, Төлеби АПБ-нің полиция қызметкерлері, аудандық жедел жәрдем қызметкерлері, орман шаруашылығы қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері және ерікті өрт сөндірушілермен бірге орман және дала өрттерін алдын алу және оны сөндіру бойынша өзара іс-қимылы жөніндегі тактикалық оқу жаттығу өткізілді. Орман дала алқаптарында өртті көзіңіз шалса шұғыл түрде «101» немесе «112» телефоны арқылы өртке қарсы қызметке немесе қала/ауылдық округ әкімшілігіне, орман шаруашылығына хабар беріңіз.
Есіңізде болсын, сіздің әрекетіңіз тек өрттің алдын алу бойынша табиғатты сақтауға ғана емес, адамдардың қауіпсіздігі, олардың денсаулығы мен өмірін қорғап қаласыз.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары