Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТӨЛЕБИ: КЕЗЕКТЕН ТЫС XXXVII (37) КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

ТӨЛЕБИ: КЕЗЕКТЕН ТЫС XXXVII (37) КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Бүгін, «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының кезектен тыс XXXVII (37) конференциясы өтті. Конференцияға «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының төрағасы Телғараев Төлеген Тұртайұлы,
«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Қансеитов Қуанышбек Үсібәліұлы, аудандық мәслихаттың хатшысы Қойбағаров Нұрлан Хамзаұлы, Саяси кеңес Бюро мүшелері, аудандық филиал қызметкерлері және делегаттар қатысты. Конференция жұмысын «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының төрағасы Телғараев Төлеген Тұртайұлы ашып жүргізіп отырды. Конференция жұмысына бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 86 делегаттың 81 қатысып, 5 делегат белгілі себептермен қатыса алмады.
Конференцияның күн тәртібінде 2021 жылдың 25 шілдеде өтетін Көксәйек ауылдық округі, Киелітас және Тасарық ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауына «Nur Otan» партиясынан ұсынылатын кандидаттардың кандидатураларын бекіту туралы мәселе қаралды.
Конференция делегаттарының дауыс беру нәтижелеріне сәйкес 2021 жылдың 25 шілдеде өтетін ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына «Nur Otan» партиясынан Көксәйек ауылдық округінің әкіміне Сарсаулетов Жексенбек Бақдаулетұлы, Киелітас ауылдық округінің әкіміне Төребеков Полат Әшірбекұлы және Тасарық ауылдық округі әкіміне Алтынбеков Бактыбек Сейтханұлының кандидатуралары Төлеби аумақтық сайлау комиссиясына ұсынылды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*