Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

Төлеби ауданы Тасарық ауылында балаларға арналған ойын алаңшасы ашылды. Тасарықтықтар құны 6 млн 944 мың теңгені құрайтын балалар алаңының сертификатын аудан көлемінде өткен байқауға қатысып, жеңіп алған.
Айта кетерлігі, былтырғы жылы аудан әкімінің ұйымдастыруымен «Үлгілі» конкурсы өткен болатын. Тасарық ауылдық округі «Үлгілі аула» номинациясы бойынша 1 орын иеленіп, балалар ойын алаңшасының сертификатын ұтып алды. Ойын алаңшасына қаржы бюджеттен қарастырылып, жеңімпазды тұрғын үй бөлімі анықтады.
Нәтижесінде Тасарық елді мекеніндегі орталық М.Әуезов көшесі бойынан жаңадан балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді.
Ойын алаңының ашылу салтанатына округ әкімі Бақтыбек Алтынбеков қатысып, балғындардың игілігіне берілген ойын жабдықтарына салғырт қарамай, ұқыпты ұстауға, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге шақырып, жылы лебізін білдірді. Алаңға балалар мен ата-аналары жиналып, ел ағаларына алғыстарын жеткізді. Салтанатты рәсімнен соң ойын алаңына бет алған бүлдіршіндер өздеріне шақталып жасалған әткеншектерде тербеліп, қуанышқа кенелді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*