Төлеби ауданы, Тасарық ауылдық округі туристік аймақ болып саналатын Қасқасу ауылына баратын жолда орналасқандықтан, көлік қозғалысы өте көп. Тауға барып демалушылар саны күн сайын артып келеді. Көшедегі көліктің қозғалысын реттеу, тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай туғызу мақсатында олардың өтінішімен аяқжол салу қолға алынуда.
Қазіргі кезде, Тасарық елді мекеніндегі облыстық маңызы бар орталық М.Әуезов көшесіне 1,2 шақырым аяқжол жүргізді. Жоба құны 12 млн 168 теңгені құрайды. Сондай-ақ, Жамбыл елді мекеніндегі облыстық маңызы бар орталық Төлебай батыр көшесіне 1,02 шақырым аяқжол салынып, оған 9 млн 847 мың теңге бөлінді.
Округтегі орталық М.Әуезов көшесіне 3,8 шақырым түнгі жарық шамдары орнатылып, ел игілігіне пайдалануға берілген.