Төлеби ауданында пандемия кезінде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына біршама көмектер көрсетілді. Атап айтқанда, сақтық шараларына сәйкес барынша қолдау көрсету мақсатында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен аз қамтамасыз етілген 857 отбасыға медициналық жиынтығы тапсырылды. Медициналық қорапша 2021 жылдың ІІ тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға таратылды. Медициналық қорапшада: электрондық сандық термометр – 1 дана, медициналық маска – 100 дана, қол тазартқыш – 2 дана, Ибупрофен 400 – 20 таблетка, Парацетамол 500 – 20 таблетка бар.