Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2021 жылғы 15-шілдедегі №1-5-4-58/2207-И нұсқауына сәкес, халық арасында ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелердегі құқық бұзушылықтардың профилактикасы мақсатында ағымдағы жылдың 19-23 шілде аралығында облыс көлемінде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы (бұдан-әрі ОЖПІШ) өткізіледі.
ҚР ІІМ-нің 2014 жылғы 18-тамыздағы № 517 бұйрығымен бекітілген «Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу туралы» қағиданың 3-тармағын орындау үшін, сондай-ақ, полиция бөлімшелерінің және пробация қызметтерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру, пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың жаңадан құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында:
Ағымдағы жылғы 19-23 шілде аралығында облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» ОЖПІШ кезеңінде қойылған талаптарды барынша орындау үшін қалалық және аудандық пробация қызметтері бөлімдерінің барлық қызметкерлері жұмылдырылатын болады.
2. ОЖПІШ өткізу кезінде қалалық және аудандық ПБ(б)-нің кезекші бөлімдері, арнайы мекемелер, учаскелік полиция пунктері, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдардың тізімі және жаңа іздестіру жарияланғандардың тізімімен қамтамасыз етіліп тізімдері жаңартылып олардың жүрген жерін анықтау мақсатында жае-жақты жұмыстар атқарылатын болады.
3. Қалалық және аудандық ПҚ бастықтары ОЖПІШ өткізу кезінде әкімдіктерге профилактикалық іс-шараны өткізуге мемлекеттік органдардың және мекемелердің, жұртшылықтың өкілдерін (оның ішінде еріктілерді) тартылатын болады.
4. Сотталғандардың Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге заңсыз шығу деректерінің жолын кесу, олар тарапынан қайталап қылмыс жасаудың дерегін, сонымен қатар қоғамдық тәртіпке және адамгершілікке, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке тұлғаға және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар жіберу фактілерін анықтау тұрғысында, ҚР ІІМ «Web-интерфейс», ҚР БПҚСжАЕАК«Ақпараттықсервис», «ҚКАМОААЖ» іздестіру жүйелері, ҚР ҰҚК «Бүркіт-мемлекеттік органдардың клиенті» базалары бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі.
5. Отбасы-тұрмыстық және рецидивтік құқық бұзушылықтар жасауға, спирттік ішімдіктерді және есірткі құралдарды теріс пайдалануға бейім сотталған тұлғалар ерекше назар аудара отырып, ПҚ есептерінде тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша 100% тексеріліп олармен және түзелуіне ықпал жасайтын туыстарымен профилактикалық сұхбаттар жүргізіледі.
6. ПБ-ның патрульдік полиция қызметкерлеріне іздеуде жүрген сотталғандардың фотобейнелері таратылып ақпраттармен алмасу жұмыстары жанданады.
7. Іздеуде жүрген сотталғандар туралы ақпараттар республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланып, сонымен қатар қоғамдық жерлерде іздеудегілердің бағытнамалары ілінеді.
8. Іздеуде тұрған сотталғандардың басқа облыстарда ықтимал жүрген жері белгілі болған жағдайда толық ақпарат Криминалдық полиция басқармасына және ҚАЖ департаментінің пробация қызметтеріне басшылық ету тобына жолданады.
9. ОЖПІШ өткізу барысы туралы оң қортындылары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.