Бүгін Төлеби аудандық ауруханасына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сабитов пен Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов шолу жасады. Шолу барысында аурухананың жалпы жағдайына көңіл бөліп, күрделі жөндеу жұмыстары қажет ететінін атап өтті.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының Төлеби аудандық ауруханасы бойынша 6 айлық қорытындысын тыңдады, коронавирус инфекциясына қарсы жүргізіліп жатқан екпе жұмыстарының жүргізілуіне де қарап, тоқталды. Бүгінгі күнге жоспарға сәйкес екпе алған азаматтар үлесі 64,8% -ды құрайды.
Қабылдау бөлімінің жұмысымен, коронавирустық инфекцияға күдік науқастарға арналған “фильтр” бөлмесінің жұмысымен, емделіп жатқан науқастарға жасалған жағдаймен танысты. Жалпы аурухана жұмысына оң баға берілді.