Құрметті Төлеби ауданының тұрғындары мен қонақтары!
КОВИД-19 каронавирустық инфекциясы аурушаңдығының және вирустық пневманияның тіркелуінің жалғасуына байланысты аудан аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін карантин мен шектеу шаралары қатаңдатылуда.
Төлеби ауданы ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы КММ-нің ұйымдастыруымен Леңгір қаласы бойынша базарларда, халық көп шоғырланған орындарда, көше бойларын аралап карантин талаптарын қатаң сақтау мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.