Бүгін Келес ауданында шектеу шараларын сақтау бойынша штаб отырысы өтті. Аудан әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалығымен өткен жиынға аудан прокуроры Бақыт Сейфолла, аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшылары мен ауыл, ауылдық окургі әкімдігі жанынан құралған мобильді топ жетекшілері және аудандағы құрылымдық мекемелердің басшылары қатысты. Отырыстың күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Келес ауданы аумағындағы эпидемиологиялық ахуал бойынша аудандық санитарлық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Спандияр Оразымбетов баяндаса, ал шектеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысын аудандық полиция бөлімінің басшысы Болат Қаныбеков мәлімдеді. Күн тәртібіндегі соңғы мәселе, яғни вакциналау жұмыстарының жүргізілуі барысын аудандық «Абай» ауруханасының дәрігер- эпидемиологі Талғат Иканбаев баяндады.