Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » МАҚТААРАЛДА ЕЛБАСЫ ТУРАЛЫ ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

МАҚТААРАЛДА ЕЛБАСЫ ТУРАЛЫ ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

 «Мақтаарал» мәдениет үйінде ардагер ұстаз, Елбасының сыныптасы Рауза Төлемісованың «Кемеңгер, дана көшбасшы» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Іс-шара барысында кітап авторының бастамасымен түсірілген қысқаметражды фильм көрерменге ұсынылды. Тұсаукесер рәсіміне аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұлова, «Жебе» баспа үйінің басшысы Ж.Төлтебай және Шымкент қаласынан, Жетісай ауданынан арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
Жиынға қатысушылар Рауза Мәтеқызының шығармашылығына сәттілік тілеп, жаңа кітап туралы пікірлерімен бөлісті.
«Рауза апайымыз бұған дейін бірнеше туындыларды жарыққа шығарып, оқырман қауымға ұсынған болатын. Алматы облысының тумасы мақталы Мақтаарал өлкесінің келіні атанып, бар өмірін Мырзашөл топырағында білім саласын дамытуға, бала тәрбиелеуге, елге қызмет етуге арнап, бүгінде шығармашылықты қолға алып, естелік туындылар жазып жүр. Ендеше, ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы жарыққа шыққан жаңа кітап кейінгі ұрпаққа зор мұра болып қалатынына сеніміміз мол» — деді А.Күнтуқызы.
Айта кетейік, тұсаукесер рәсімінен соң Р.Төлемісова Түркістан қаласына арнайы барып, «Түркістан» телеарнасының «Тағлым» бағдарламасында кең ауқымда сұхбат берді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*