Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «Шардара» су қоймасын қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынды

«Шардара» су қоймасын қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынды

Шарадара су қоймасы 7 балдық жер сілкінісіне шыдас беретін сейсмикалық төзімділікке ие болады. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов, Түркістан облысына жұмыс сапарында белгілі болды.
Экологоия министрінің орынбасары іс-сапармен Түркістан облысына барып, Шарадара су қоймасының құрылысымен танысты. Стратегиялық маңызы бар нысанға «Шардара су қоймасы бөгетінің сейсмотұрақтылығын реконструкциялау және арттыру» бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Вице-министрдің сөзінше нысан құрылысы келесі жылы аяқталып, пайдалануға берілмек.
«2019 жылы «Қазсушар» РМК сақтық шараларын күшейту мақсатында құмнан көтерілген қабырғаларды қалыңдатып, жер асты суларының деңгейін төмендету үшін «Шардара» су қоймасын қайта жаңғырту жұмыстарын қолға алды. Осылайша 56 жыл бұрын салынған су қоймасын кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда. Аталған нысанды келесі жылы пайдалануға беру жоспарда бар. Құрылыс аяқталса 7 балдық жер сілкінісіне шыдас беретін сейсмикалық төзімділікке ие болады.»,- деді ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов.
Айта кетейік, Шардара су қоймасы 1967 жылы алты балдық жер сілкінісіне дейін төтеп беретіндей қуаттылықпен салынған. Түркісан облысының Шардара, Мақтаарал, Сарыағаш аудандары жеріндегі ірі жасанды су айдыны. Бұл арқылы Шардара қаласының тұрғындары ауыз суға пайдаланып отыр. Бұдан бөлек, осы су қоймасы арқылы Түркістан мен Қызылорда облыстарының суармалы жерлерін суаруға мүмкіндік бар.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*