Сарыағаш ауданында коронавирусқа қарсы екпе алып жатқан адамдардың саны артып келеді. Бүгінгі күнге дейін 36 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды. Ауданда вакцинаның бірінші компонентін 35 675 адам ал, екіншісін 19 091 тұрғын қабылдаған. Бүгінгі таңда вакцинаның Гам-КОВИД-Вак, QazCovid, Hayat-Vax және КоронаВак түрлері өңірге жеткізіліп, аудан аумағындағы аурухана мен емханаларда сондай-ақ шалғай ауыл тұрғындарына жылжымалы медициналық кешен арқылы салынуда. Қазіргі таңда аудан аумағында 13 егу пункттері жұмыс атқаруда. Сонымен қатар, 4 жылжымалы бригада арнайы дайындалған. Вакцина салдыру ниетте келген азаматтардың алдымен дене қызулары мен қан қысымдары өлшеніп, сауалнама парағын толтырылады. Аталмыш вакцина қабылдауға ешқандай қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда ғана екпе егілуде. Екпе салынғаннан кейін 30 минут дәрігер қадағалауында болу үшін медициналық бақылау аймағына жіберіп, мамандар вакцинадан кейінгі күтім мен сақтық шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Коронавирус инфекциясынан құтылудың бірден-бір жолы — санитарлық талаптарды сақтай отырып, екпе салдыру. Сондықтан бұл індетке бірлесіп қарсы тұру – ортақ міндет! Ендеше өз денсаулығымыз үшін, маңайымыздағы адамдарға ауру жұқтырмас үшін екпе салдыруға асығайық.