Сарыағаш ауданы әкімдігі мен ауданның халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың
2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты шеңберінде, жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында, аудан тұрғындарына ерікті түрде қоныс аударуға ниет білдірген азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданынан келген делегация өкілдері Сарыағаш қаласының мәдениет үйінде жиналыс өткізді.
Кездесу барысында делегат өкілдері жиынға қатысушыларға өңір бойынша жан-жақты мағлұмат беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Делегация өкілдерінің ішінде: Ақжар ауданының әкімі Калиев Қанат Қайыржанұлы, Ақжар ауданы ішкі саясат мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жусипбеков Мағжан Рамазанұлы, халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Баржанов Бауыржан Айтқазыұлы қатысты.
Жиналыс аяқталған соң жеке қабылдау ұйымдастырылып жеке қабылдау барысында қоныс аударуға ниетті біршама азаматтар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстар тыңдалып, қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.