Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Ордабасы: Ауыз су мәселесі кезең-кезеңімен оңды шешімін табады

Ордабасы: Ауыз су мәселесі кезең-кезеңімен оңды шешімін табады

Ордабасы ауданының әкімі Бағлан Батыршаев Шұбар ауылдық округін аралап, ондағы ауыз су мәселесін зерттеп, шешу жолдарын қарастырды.
Әуелі Шұбар-Берке ауыз су жүйесінің жұмысымен танысып, ауыл тұрғындарына қажетті суды жаңа техника күшімен әр отбасыға жеткізу мәселесін зерделеді.
Ауылдық округ орталығындағы ескірген ауыз су құрылғысын жаңарту жөнінде «Таза су» мекемесіне тапсырма берді. Жаңғыртудан өткен жоба іске қосылған жағдайда ауылдағы 300 түтін судан тапшылық көрмейтін болады.
Көкөністің нарықтағы бағасы жоғары болатынын ескерген кәсіпкерлер, ауыл іргесіндегі Арыс өзені жағалауына картоптың шетелдік сортын өсіріпті. Техникасы заман талабына сай шаруашылық жұмысымен танысқан аудан әкімі шаруашылық иесіне Ресейге экспортталатын өнімнің алқабын ұлғайтуға шақырды.
Аққойлы ауылындағы мемлекет қорғауына алынған «Ишан-Базар» мешіті (XIX ғ, аяғы, — XX ғ, басы), Аққойлы мешіт-медіресесінің (Ақмешіт, XVIII ғ, соңындағы тарих және сәулет ескерткіші) сәулеттік тарихымен танысты.
Бағлан Дәнебекұлы ауыл тұрғындарының жол бастауымен қараусыз қалған ежелгі кірпіш зауытының (аңыз бойынша Түркістандағы сәулеттік құрылысқа пайдаланылған) орнын аралап, тарихи нысанның мемлекет қорғауына алынатынын жеткізді.
Сапар соңында Шұбардың орталығында жаңадан бой көтеретін жабық футбол алаңына барып, ауыл әкіміне бұқаралық спортты дамытуға арналған жобаларды көптеп жүзеге асыруды тапсырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*