Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Б.Батыршаев, Ордабасы ауданының әкімі: Шаруаларды аграрлық саладағы жаңа технологияларға бейімдеуіміз керек

Б.Батыршаев, Ордабасы ауданының әкімі: Шаруаларды аграрлық саладағы жаңа технологияларға бейімдеуіміз керек

Бүгін аудан әкімі Бағлан Батыршаев жазғы жиын-терімде мал азығы қорын молайтып, төрт түліктің басын сақтап қалу мақсатында Бөржар ауылдық округіндегі бірқатар шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты.
Әуелі Ұялыжар елді мекеніндегі Иса шаруа қожалығы мен С.Сұлтановтың 5 га жоңышқа шабындығында болып, тұрғындарға қуаңшылық салдарынан туындаған жағдайдан ауыл болып, бірлесіп жеңуге шақырды.
Облысымыздың кей аудандарындағы табиғи шөптің бітік шықпағандығы салдарынан алып-сатарлар бағаны негізсіз көтеріп жіберген. Мәселені оңтайлы шешу үшін, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына орай өңірімізде мал азығын сататын агроқұрылымдардың тізімі жасақталып, тікелей шаруалармен байланыс орнату жұмыстары жүргізілуде.
Сапар барысында аудан басшысы бірқатар шаруа қожалығының қысқа дайындық жұмыстарын пысықтады.
Шаруалардың ұсыныс тілектерін тыңдады. Сондай-ақ, Бағлан Дәнебекұлы шаруаларға суармалы жерлеріне тек бір реттік ғана емес, 2-3 рет өнім алатын ауыл шаруашылық өнімдерін егіп, табысын еселей түсуге шақырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*