Ұлттың болашағы тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Алайда, қазіргі таңда денсаулығында кінәраты бар балалар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдаралмалар бөлімінің «Күндізгі қатынау» жартылай стационарлық үлгідегі бөлімшесінде 25 бала әлеуметтік қызмет алуда.
Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкерлер мүгедектігі бар балалардың сапалы білім алуына өзін-өзі дамытуға және жеке адам ретінде қалыптасуға барынша жағдай жасап келеді.
Осы күні, бөлімшеде есепте тұратын Тойкен Сараның туған күні аталып, достары арнайы өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын ұсынды.