Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Ордабасы: Жаңа оқу жылына дайындық

Ордабасы: Жаңа оқу жылына дайындық

Биылғы жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары Ордаьасы ауданында қызу басталып кетті.
Жалпы Ордабасы ауданы бойынша 65 мектепті жаңа оқу жылына дайындау мақсатында жөндеуден өткізу үшін бюджеттен 18,152 млн теңге қаралған.
2021жылы үш мектепте күрделі жөндеуден өткізу үшін 1 млрд. 217 млн. теңге қаржы қаралды. Атап айтсақ, Амангелді атындағы жалпы орта мектебі – 565,8 млн. Б.Оңтаев атындағы жалпы орта мектебі – 383,6 млн. Д.Қонаев атындағы жалпы орта мектебі – 267,6 млн. теңге. Күрделі жөндеу жұмыстары тамыз айының 25-не дейін толығымен аяқталады.
Қысқы маусымға дайындау мақсатында:
Жалпы 65 мектептің 58-і қатты отынмен, 5 мектеп газбен, 2 сұйық отынмен жылытылады.
Алдағы жылу маусымына қатты отын сатып алу конкурсын облыстық адами әлеуетті дамыту бөлімі өткізді. Жеңімпаз «Рамирта» ЖШС болып танылып,келісім шарт жасалынды. Тамыз айынан бастап тасымалданады.
Сұйық отын сатып алуға қаржы қаралып, екі рет сатып алу конкурсына берілді. Тамыз айында сатып алу конкурсы жарияланып, жеңімпаз мердігер анықталады. Мектептерді газбен қамтамасыз ету үшін «Казтрансгаз» АҚ келісім шарт жасалынды.
2020-2021 оқу жылына 36 105 оқушы мектепке барса, оқу жылының соңы 36 151 оқушы оқу жылын аяқтайды деп жоспарлануда.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*