Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » БӘЙДІБЕК: ӨМІРГЕ ҚҰШТАР АҚЫННЫҢ КІТАПТАРЫ КІТАПХАНА ТӨРІНДЕ

БӘЙДІБЕК: ӨМІРГЕ ҚҰШТАР АҚЫННЫҢ КІТАПТАРЫ КІТАПХАНА ТӨРІНДЕ

Бүгін Бәйдібек ауданы Ақбастау ауылының тұрғыны, жерлесіміз, өмірге құштар ақын Эльмира Омарбекованың жарық көрген «Жұмбақтар әлемі», «Жаңылмаған жаңылытпаштар, жаңылмаған шумақтар» және «Жеңіс» атты 140 дана кітабы аудандық орталық кітапхана мен 49 мектепке сыйға тарту етілді.
Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбековтің ұйымдастыруымен қолға алынған шараға кітап авторы ақын Эльмира Омарбекова, аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев пен «NUR OTAN» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тұрсынәлі Дүйсенбеков арнайы қатысып, аталған кітаптарды орталық кітапхана мен аудандық білім бөліміне тапсырылды.
Ақын Эльмира Омарбекова кітаптарды кітапханаға тапсыру сәтінде жазған өлеңдерін, сөз жұмбақтарын, түрлі тақырыптағы әңгімелерін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында аталған үш кітаптың жарық көруіне Ержігіт Шәріпбеков, Бағдатбек Жанғазиев, Марат Енжанов пен Ұлан Акимовтардың жеке азамат ретінде қолдау білдіргендігін атап өтіп, алғысын білдірді.
Ақынның кітаптары аудандағы барлық ауылдық және мектептердегі кітапханалар төрінен орын алмақ.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*