ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Қ.Абасов Сауран ауданының әкімі Ғ. Рысбековпен бірге «DIVALUX» ЖШС-нің жұмысшыларымен кездесті.
2 га аумақты құрайтын «DIVALUX» жиһаз цехі 120 адамды жұмыспен қамтып отыр. Еліміздің бірнеше аймағынан тапсырыс қабылдайтын цехта жиһаздың 40-қа жуық түрі дайындалады. Өндіріс орны қажетті шикізатты Түркия елінен алып, мамандарды өздері оқытады. Аталмыш цехта айына 500-ге жуық жиһаз құрастырылып, сатылымға шығарылады. Қазіргі таңда жиһаз цехін ұлғайту мақсатында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
Кездесу барысында жиһаз цехінің қуаттылығы мен жұмыс орындарын ұлғайту және дамыту мақсатында өзекті мәселелер көтеріліп, ұсыныстар айтылды.
Атап айтсақ, цехті сумен жабықтап, газдандыру мәселесі қозғалып, салық жеңілдіктеріне қолдау көрсетілсе деген ұсыныс жасалды.
Сондай-ақ, ағымдағы құрылысты аяқтауға , жабдықтар мен станоктар сатып алуға және 350-ге дейін жұмыс орынын ашу үшін жаңа өндірістік блоктар салуға арналған кредит алуға қолдау көрсетілсе деген ұсыныстар айтылды.