Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » САЙРАМДА ОТБАСЫЛАРҒА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІ ҚОБДИШАСЫ БЕРІЛЕДІ

САЙРАМДА ОТБАСЫЛАРҒА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІ ҚОБДИШАСЫ БЕРІЛЕДІ

Сайрам ауданында коронавирустық инфекцияның таралу деңгейін төмендету мақсатында 2085 дана медициналық дәрі қобдишасы- табысы аз, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға тегін тарату көзделуде.
Дәрі қобдишаларын тарату аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы ауылдық округтерінің әкімдіктеріне тапсырылды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, аудан әкімі Уласбек Сәдібекұлының «Ауыл -Ел тірегі» онкүндік бастамасы аясында, алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасын тарату Көлкент ауылдық округінен бастау алды.
Аталған шара материалдық жағдайы қиын, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың экономикалық жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.
Айта кетсек, ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы табысы аз отбасыларды коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында дәрі-дәрмектермен және алғашқы медициналық қорғау құралдарымен қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*