Кентау қаласында «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 2018 жылы Бекзат Хабибов есімді азамат өз кәсібін ашқан. Ол Ресей мемлекетінен Симинтал асыл тұқымды 100 бас ірі қара мал алып, Қарнақ ауылынан «Эргеш ата» шаруақожалығын құрады.
«Алғашқы жылы 100 басты сиырдан 55 бұзау алынған. Ағымдағы жылы мал басы еселеніп 80 бас бұзау туылды» дейді кәсіпкер. Қожалықта ет және сүт бағыты қамтылған. Сүт бағытынан 1ші тумадағылар 1 күнде 8-10литрге дейін сүт берсе, 2ші тумадағылар азанғы уақытта 10, кешкісін 15, жалпы 25 литрге дейін сүт беруде.
Сүт өнімін шығару үшін оны Қарашық ауылындағы фермаға жіберуде. Ет бағыты бойынша арнайы бұзауларды өсіріп, оны бордақылап Түркістан, Кентау базарларына жіберіп отырады. Сонымен қатар, өзінің жеке кәсібі асханалық бағытқа пайдалануда.
Бір бұзаудың өзі 300 келіге дейін ет береді. Қазіргі таңда 160 бас қарамалды өсіруде. Аталмыш шаруақожалық 20-ға жуық жергілікті тұрғындарын жұмыспен қамтуда.