Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыта отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру ісін жүзеге асыру мақсатында Кентау қаласында спорт және балалар ойын алаңшасының құрылысы жүргізілуде.
Бүгінгі таңға дейін 7 көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларына салынды. Жалпы 2022 жылға дейін қаладағы барлық аулаға жаңа спорт және балалар ойын алаңшасы бой көтереді деп жоспарланып отыр.
Ойын алаңшаларымен қатар ауланы абаттандыру жұмыстары да жүргізіледі. Көпқабатты үйлердің аулалары асфальтанып, көлік қоятын тұрақтары да қамтылмақ.
Сондай-ақ тұрғындардың еркін отырып демалуы үшін бастырма (беседка), жаңа орындықтар мен спортпен шұғылдану элементтері қоса орнатылады.