Сауран ауданының әкімі аппаратының Заң және құқық қорғау органдарымен жұмыс жүргізу бөлімінің ұйымдастыруымен, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік процестік кодекстің» талаптарын түсіндіру мақсатында семинар-кеңес өттті.
Аппарат басшысы Дәулетбек Кудияровтың төрағалығымен өткен семинар-кеңеске Түркістан облысының Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Үрмия Құлымбет, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Мақсат Сейітханов, ауыл әкімдері мен дербес бөлім басшылары қатысты.
Кодекстің негізгі мақсаты — азаматтарға басқару шешімдерін қабылдау процесіне қатысуға мүмкіндік беретін кепілдіктерді бекіту және азаматтардың құқығын сапалы қорғап, заң үстемдігін сақтаудың кепілі болып табылады.
Кодекс бірыңғай заңнамалық актіде Әкімшілік рәсімдер мен қоғамдық құқықтық қатынастар саласындағы сот ісін жүзеге асырудың құқықтық негіздерін, қағидаттарын, ережелерін белгілейді.
Әкімшілік рәсімдік процестік кодекс — сот ісін жүргізудің төртінші түрі. Осыған байланысты, елімізде жаңадан құрылатын әкімшілік соттар жария-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды ерекше қарайтын болады.
Заңның басты ерекшелігі – жауапты тек мемлекеттік орган болады.