Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына енгізілген толықтырулармен кең көлемде ел азаматтарын ақпараттандыру Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының тарапынан қарқынды жүргізілуде.
Атап айтсақ, бүгін Заңнамаға енгізілген өзгерістермен мемлекеттік қызметшілерді таныстыру мақсатында Штаб төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев Сарыағаш аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының ұжым қызметкерлерімен мақсатты жиын өткізді.
Кездесуде Мемлекет басшысы қол қойған ҚР-ның Қылмыстық және қылмыстық-процестік кодекстеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша енгізілген жаңашылдықтар таныстырылып, пара алу, пара беру және делдалдық ету сынды әрекеттерге көрілетін жаза түрі күшейтілгені атап өтілді.
Айта кетсек, бүгінгі күні облыстық үгіт-насихат Штабының жетекшісі облысқа қарасты қала/аудандарда болып, ар тазалығы мен адалдық құндылықтарын дәріптеп келеді.