Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ — БАСТЫ НАЗАРДА

ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ — БАСТЫ НАЗАРДА

Түркістан облысының полицейлері жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде.
Түлкібас АПБ-ның қызметкерлері «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі қызметкерлерімен бірлесе отырып, «Жасөспірім» атты түнгі рейдтік жұмыстар жүргізді. Мұндағы мақсат кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің ата-анасының қарауынсыз тұрғын үйден тыс жерлерде жүруін қадағалау, жастар арасында қолайсыз жағдайлардың алдын алу.
Іс – шара барысында аталған қызметкерлер 2 топқа бөлініп Түлкібас ауданы Майлыкент ауылдық округінде рейдтік тексерулер жүргізді. Жұмыс барысында аудан тұрғындарына кәмелет жасына толмағандарға 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз бей-берекет жүрмеу керек екендігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Осы бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады. Әрбір ата-ананың назарына, кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауды, бала тәрбиесімен тұрақты түрде айналысуды ескертеміз. Сондықтан ата-аналар өз балаңыздың өміріне жауапты екеніңізді ұмытпаңыз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*