Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЗАМАНАУИ ӘЛЕМ ЖӘНЕ ЖАСТАР!

ЗАМАНАУИ ӘЛЕМ ЖӘНЕ ЖАСТАР!

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облысымыздың белсенді волонтерлары үшін ашық алаң жасау және волонтерлық қозғалысты дамыту мақсатында Бәйдібек ауданы, «Тау шыңы» лагерінде «Заманауи әлем және жастар» атты семинар, мастер-кластары өтті. Аталған шараға облыс бойынша әр аудан, қалалардан 5 белсенді волонтер жастан қатысты.
Белсенді волонтер жастарға арналған лагерь олардың демалуына ғана жағдай жасап қана қоймай, түрлі тренингтер арқылы білімдерін жинақтап әрі тереңдетіп, шапшаңдыққа баули отырып, белсенділіктерін дамытты. Қатысушылар топпен жұмыс жасай отырып, өзгенің пікірін құрметтеу және ұйымшылдық қабілеттерін арттырды.
Шара соңында барлық қатысушыларға сыйлықтар мен арнайы сертификаттар табысталды. Айта кететін жайт, лагерь сақтық шараларын қатаң сақтай отырып ұйымдастырылды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*