Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » САЙРАМ: МАНКЕНТТІКТЕР ТҰТЫНАТЫН ЖАРЫҚ САПАЛЫ БОЛАДЫ

САЙРАМ: МАНКЕНТТІКТЕР ТҰТЫНАТЫН ЖАРЫҚ САПАЛЫ БОЛАДЫ

Сайрам ауданы, Манкент ауылдық округінде тұрғын үй құрылысы аумағының өсуіне және жаңа коммерциялық объектілердің қатарының артуына байланысты жаңа электр тұтынушыларын қосу үшін энергия қуаты артып келеді.
Ағымдағы жылдың шілде айында Манкент ауылдық округінің Жалал ата көшесі бойында «Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілік шектеулі серіктестік тарапынан 400 кВт қуатты трансформатор орнатылды.
Трансформатор ауылдағы Жалал ата, Алматы, Акрамов және Ташев көшелеріндегі 200 ге жуық абонентті үздіксіз электр жарығымен қамтамасыз етеді.
Ауылдағы электр желілерін жаңарту, тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстыру, трансформаторлар орнату жұмыстары 2016-2022 жылдарға арналған «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС инвестициялық бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*