Сайрам аудандық білім бөліміне қарасты «Оқушылар үйі» МКҚК-ны балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бөлімі мектеп оқушыларының жазғы демалысы мен сауықтыруын дұрыс ұйымдастыру жұмыс барысымен аудан әкімінің орынбасары Аңсар Жаңабайұлы танысып карантиндік режим орындалуын бақылады.
Маусым айының 15 жұлдызы мен шілде айының 22 жұлдызы аралығында лагерде тұрмысы төмен және аз қамтылған отбасы балалары, мүмкіндігі шектеулі бала, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, жалпы 1000 бала COVID-19 короновирусына арналған ПТР диагностикасын тегін тапсырып, 4 ауысымда демалуда.
1800 баланы, оның ішінде 1711 тұрмысы төмен және аз қамтылған отбасы балалары, мүмкіндігі шектеулі үйде оқытылатын бала, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, ақылы ата-ана төлем ақысынан 99 баланы 6 ауысымда демалдыру жоспарланған.