Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 11 ЕЛДІ МЕКЕНІ ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІМЕН ҚАМТЫЛМАҚ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 11 ЕЛДІ МЕКЕНІ ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІМЕН ҚАМТЫЛМАҚ

Былтыр облыс бойынша 58 ауылдық елді мекен тұрғындары интернетке кедергісіз қосылуға мүмкіндік алған болатын. Биыл да осы аталған жұмыстар жалғасып жатыр. Мәселен, осы жылы облыстың жоспарланған 22 ауылының 11-іне “Ксеll” АҚ басшылығымен келісім шарт жүргізілді.
Қазіргі таңда, Ордабасы ауданындағы Сарытоғай және Арыстанды ауылдарында, Отырар ауданындағы Темір, Талапты және Бесторанғы ауылдарында, Мақтаарал ауданындағы Шұғыла және Елқоныс ауылдарында, Төлеби ауданындағы Шатыртөбе және Костөбе ауылдарында, Бәйдібек ауданындағы Таңатар ауылында және Кентаудағы Бершінтөбе ауылында интернет жүйесі толқындарын қабылдайтын антена діңгегі құрылғыларын орнату үшін арнайы жер телімдерін дайындау жұмыстары басталды. Күзде осы елдімекен тұрғындарына интернет қолжетімді болады деп жоспарланып отыр. Қалған 11 ауылға да kcell.kz басшылығы жыл соңына дейін интернет желісін қосуды жоспарлауда.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*