Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ЕКПЕ САЛДЫРУШЫЛАРДЫҢ ҚАТАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ЕКПЕ САЛДЫРУШЫЛАРДЫҢ ҚАТАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Сайрам ауданында 7 екпе егу пункті бар. Жалпы 29 егу бригадасы жұмыс істейді. Жұмыс тобында дәрігер, вакцинатор, тіркеуші бар. Сонымен қатар, үйінен шыға алмайтын тұрғындар үшін айданда 8 жылжымалы бригада ұйымдастырылған. Олар сайрамдықтардың үйлеріне барып, екпе егу жұмыстарын жүргізеді. Барлық мамандар екпе егу бойынша арнайы дайындықтан өткен. Жылжымалы бригадаларға көлік бекітілген.
Бұдан бөлек,ауданда екпе құтыларын сактауға арнайы қойма ұйымдастырылған. Онда құтыларды сақтауға жане тасымалдауға 2 стационарлы мұздатқыш, 5 рефрижератор мен термоконтейнер бар. Егу тіректерінің әрқайсысы 1 мұздатқыш камерасы бар тоңазытқыштармен қамтамасыз етілген.
Сайрам ауданында 49 480 адамға екпе егу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болса, бүгінгі күнге дейін, 1- компонентпен 31 430 адам, 2- компонентпен 19 562 адам қамтылып отыр. Ауданда екпе салдырушылардың қатарының артуы байқалады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*