Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН: КОРОНАВИРУСТЫҢ 101 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

ТҮРКІСТАН: КОРОНАВИРУСТЫҢ 101 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

Түркістан облысында соңғы бір тәулікте COVID-19-індетінің 101 жағдайы расталған. Тәуліктік өсім 1.18 % құрайды. Өңірде пандемия басталғалы 8622 жағдайы тіркелді. Оның 5323-ы ауру симптомсыз өткен. Бүгінде облыс «сары» аймақта тұр. Қазір инфекциялық стационарларда 2020 орын бар. Оның 901-і бос тұр. Сондай-ақ, бүгінге дейін 875 448 ПТР сынамасы алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 3442 адам тексерілді.
Айта кетейік, облыстағы мекемелерде 8 оттегі станциясы, 400 ӨЖЖ аппараты, мыңнан аса оттегі аппараты бар. Сондай-ақ, 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған, 40-тан астам дәрі қоймасы мен 800-дей дәріхана бар.
Сонымен қатар, өңірде вакцинация қарқынды жүріп жатыр. Облыста өз еркімен 526 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпе қабылдады. Қазір екінші компонентпен 339 151 адам вакцина салдырды. Ал, кейінгі тәулікте 5 515 бірінші компонентпен болса, екінші рет 8 433 адам екпе қабылдаған. COVID-19-ға қарсы вакцинациялау 128 екпе салдыру пункттерінде жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*