Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУҒА 43 658 АЗАМАТ ДАУЫС БЕРДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУҒА 43 658 АЗАМАТ ДАУЫС БЕРДІ

Түркістан облысында сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес, 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 10.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 16%-ы келген. Бұл — 43 658 азамат.
Атап айтқан, Арыс қаласында – 2 322 азамат (22%), Кентау қаласында – 1 116 адам (13%), Бәйдібек ауданында – 288 тұрғын (7 %), Жетісай ауданында – 3 784 дауыс беруші (14 %), Қазығұрт ауданында – 1 727 сайлаушы (9 %), Келес ауданында – 4 725 азамат (15 %), Мақтаарал ауданында – 2 490 адам (15 %), Ордабасы ауданында – 845 тұрғын (11 %), Отырар ауданында – 4 337 дауыс беруші (34 %), Сайрам ауданында – 3 273 сайлаушы (20 %), Сарыағаш ауданында – 9 116 азамат (17 %), Сауран ауданында – 1 082 адам (13 %), Созақ ауданында – 5 887 тұрғын (34 %), Төлеби ауданында – 1423 дауыс беруші (6%), Түлкібас ауданында – 1 023 сайлаушы (12 %), Шардара ауданында – 220 азамат (17 %) дауыс берген.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*