Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН: ЖАС ОТБАСЫ АЛҒАШ РЕТ САЙЛАУҒА ҚАТЫСЫП, ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

ТҮРКІСТАН: ЖАС ОТБАСЫ АЛҒАШ РЕТ САЙЛАУҒА ҚАТЫСЫП, ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Түркістан облысы Шардара ауданында жуырда ғана отау құрған жас отбасы алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Жаушықұм ауылдық округінің тұрғындары Ержан Қожантай мен Әсел Айтбай сайлау науқанына немқұрайлы қарамай белсенділік танытуды азаматтық парызым деп біледі.
«Бұл өзіміз тұрып жатқан ауылдың болашағы үшін аса маңызды науқан. Сондықтан жұбайымыз екеуміз азаматтық құқығымызды пайдаланып, өз таңдауымызды жасадық. Жергілікті тұрғындардың әл-ауқатының көтерілуі, жас кәсіпкерді қолдау сияқты маңызды мәселелер болашақ әкімдердің қолында. Сол үшін де іскер, білікті әкімді халықтың өзі сайлап алғаны өте орынды деп ойлаймын», – деді Е.Қожантай.
Айта кетейік, жалпы Жаушықұм ауылдық округінде 2452 тұрғын болса, оның 1274-і дауыс беру құқығына ие.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*