Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес, 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 70 %-ы дауыс берген. Олардың жалпы саны– 185 264 адам.
Атап айтқанда, Арыс қаласында – 7 876 (75%), Кентау қаласында – 6 540 (77%), Бәйдібек ауданында – 2 673 (68%), Жетісай ауданында – 19 177 (71%), Қазығұрт ауданында – 12 575 (63%), Келес ауданында – 21 475 (70%), Мақтаарал ауданында – 11 404 (68%), Ордабасы ауданында – 5 504 (74%), Отырар ауданында – 9 301 (72%), Сайрам ауданында – 12 056 (74%), Сарыағаш ауданында – 37 284 – (69%), Сауран ауданында – 6 751 (83%), Созақ ауданында – 12 555 (72%), Төлеби ауданында – 13 423 (60%), Түлкібас ауданында – 5 740 (66%), Шардара ауданында – 930 (73%) сайлаушы дауыс берді.