Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ 79%-Ы ДАУЫС БЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ 79%-Ы ДАУЫС БЕРУГЕ ҚАТЫСТЫ

Түркістан облысы бойынша сайлау учаскелеріндегі ауыл әкімдеріне дауыс беру нәтижелерінің негізінде облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев дауыс берудің алдын-ала қорытындысы жөнінде мәлімдеме жасады.
«ҚР сайлау туралы Конституциялық Заңының және аумақтық сайлау комиссиялардың сайлауды әзірлеу мен өткізу бойынша бекіткен талаптары негізінде облыстағы барлық 241 сайлау учаскесінде сайлаушылардың дауыс беру мерзімі жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де аяқталды. Дауыс беру уақыты аяқтала саласымен сайлау учаскелерінде бюллетеньдерді санау жұмыстары жүргізілді. Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес, 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 20:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 79%-ы дауыс беруге қатысқан. Олардың жалпы саны – 209 227 адам», — деді Әлібек Кәденұлы.
Атап айтқанда, Арыс қаласында – 8 351 (80%), Кентау қаласында – 7 279 (86%), Бәйдібек ауданында – 2 852 (72%), Жетісай ауданында – 22 655 (83%), Қазығұрт ауданында – 15 888 (80%), Келес ауданында – 23 760 (78%), Мақтаарал ауданында – 13 093 (78%), Ордабасы ауданында – 6 204 (83%), Отырар ауданында – 10 791 (84%), Сайрам ауданында – 14 359 (89%), Сарыағаш ауданында – 40 337 (75%), Сауран ауданында 6 922 (85%), Созақ ауданында – 13 085 (75%), Төлеби ауданында – 15 987 (72%), Түлкібас ауданында – 6 633 (76%), Шардара ауданында – 1 031 (81%) сайлаушы дауыс берген.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*