Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШАЛҒАЙДАҒЫ АУЫЛДАРДЫ ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШАЛҒАЙДАҒЫ АУЫЛДАРДЫ ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2013 жылы «Қақпақ» автоматтандырылған газ тарату станциясы (бұдан әрі-АГТС) пайдалануға берілді. Алайда, бүгінгі күнге дейін АГТС түрлі себептермен іске қосылмаған. Түркістан облысы әкімдігі Қазығұрт ауданының әкімдігімен және «ИнтергазЦентральнаяАзия» АҚ — мен бірлесіп «Шымкент» МГҚБ «Қақпақ» АГТС- ін іске қосты.
Қазығұрт ауданының 5 елді мекені (Қызылсеңгір — 267 үй, тұғыртас — 32 үй, қақпақ — 868 үй, Заңғар — 166 үй, Сырлысай-98 үй), Сарыағаш ауданының 1 елді мекені (Бағыс-292 үй) табиғи газға қосылды. Жалпы 1723 тұрғын үйді қамту мүмкін болды.
Мыңдаған отбасы көгілдір отынға қосылуға мүмкіндік алды. Яғни, жиырма мыңнан астам адам енді табиғи газды пайдалана алады.
Бүгінгі таңда Түркістан облысының әкімдігі Сарыағаш ауданының әкімдігімен және «ИнтергазЦентральнаяАзия» АҚ-мен бірлесіп «Шымкент» МГҚБ «Таскескен» АГТС іске қосылды, Таскескен, Тегісшіл 2 елді мекені табиғи газға қосылды. Сарыағаш ауданының 11 елді мекені (Алғабас, Дарбаза, Мәдениет, Мәдениет-2, Шымырбай, Құркелес, Жаңаталап, Жылысу, Ақүй, Дастан,Таскескен-2), Келес ауданының 6 елді мекені (Еңбекші-1, Еңбекші-2, Дмитров, Амангелді, Жолбасшы, Керегетас) кезең-кезеңімен табиғи газға қосылатын болады.
Облыс бойынша 14,2 млрд.теңге қаржыға 89 нысанның құрылысы жоспарлануда. Оның ішінде биыл 24 нысанды аяқтау жоспарланып отыр. Облыс әкімдігі «Түркістан облысын газдандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын» бекітті. Жоспарға сәйкес, 2026 жылға дейін облыстың елді мекендерін 100% газбен қамтамасыз ету жоспарланған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*