Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ВАГОН ӨРТІ ТУРАЛЫ РЕСМИ АҚПАРАТ

ВАГОН ӨРТІ ТУРАЛЫ РЕСМИ АҚПАРАТ

2021 жылы 06 тамыз күні сағат 16:25 минутта Арыс қаласы, «Арыс» теміржол вокзалы, жүк пойызы №54755392 металл контейнерінде өрт шықты (сары фосфор). «ҚТЖ» АҚ күшімен вагон пойыздан ажыратылып өзге жолға қойылды. Бұл оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ.
Өрт болған жерде өртті сөндіру бойынша штаб құрылды. Қазіргі уақытта төтенше жағдайға байланысты Арыс қаласы әкімдігінің 60 қызметкері мен «Қызмет сервис» мекемесінің 20-ға жуық техникасы жұмылдырылды. «ҚТЖ» АҚ 12 қызметкер, 1 бірлік техникасы мен өрт сөндіру пойызы, ЖПБ 20 қызметкері мен 1 техника бірлігі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 44859 әскери бөлімінен 8 әскери қызметші және 2 бірлік техникасы, Арыс аудандық санитарлық -эпидемиологиялық бақылау бөлімінен 3 қызметкер және 1 бірлік техника жұмылдырылды. Сағат 19-22 өрт оқшауланды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*