Түркістан облысында мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыста 900 мемлекеттік мектеп толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. Ал, 2019 жылы 23 қаңтарда ҚР Білім және ғылым және Ішкі істер министрліктерінің бірлескен бұйрықпен бекітілген стандартқа сәйкес мектеп саны — 273. Бүгінде полиция департаментімен мектептегі бейне камераларды интеграциялау жұмыстары бойынша Жол картасы түзіліп, 1 қыркүйекке дейін 400 мектептің бейне камерасы қосылады. Қалған 227-і жыл соңына дейін іске асырылатын болады.
Облыстағы білім ордаларын мамандандырылған күзет пен «Дабыл батырмаларымен» қамтуды кезең-кезеңімен шешу жоспарлануда. Мектептерді ішкі әжетханалармен қамтамасыз ету мақсатында былтырғы жылдың басында жалпы 756 мектеп жоспарланған. 2020 жылы – 679, 2021 жылы 20 мектептің ішкі әжетханалары ретке келтірілді. Қалған 57 мектептің мәселесі 1 қыркүйекке дейін толығымен шешілмек.
Өңірдегі жылу маусымына дайындық жұмыстарына сәйкес,
1 279 білім нысандарын гидравликалық сығымдаудан өткізу жұмыстары 1 125 нысанға немесе 88%-ға жүргізілді. Білім беру мекемелеріне қажетті 107 мың тонна қатты отын (көмір) және 3,5 мың тонна сұйық отынмен (диз.топливо) қамтамасыз ету жоспарланған. Қазіргі таңда, тасымалдау жұмыстары 40%-ға орындалып, келісім-шартқа сәйкес орындалатын болады.