Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН: АРЫСТА АШЫЛҒАН ОРТАЛЫҚ 400-ДЕН АСТАМ ЖАННЫҢ ИГІЛІГІНЕ ЖАРАП ТҰР

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА АШЫЛҒАН ОРТАЛЫҚ 400-ДЕН АСТАМ ЖАННЫҢ ИГІЛІГІНЕ ЖАРАП ТҰР

Түркістан облысы Арыс қаласында жаңадан ашылған «Тең қоғам» әлеуметтік орталығының қызметіне халық дән риза. Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық ортаға бейімделуіне ықпал ететін мекеменің қызметін 400-ден астам азамат пайдаланып келеді.
Орталықта әлеуметтік педагогтар жалпы 8 бағыт бойынша жұмыс істейді. Олардың қатарында массаж, кітапхана қызметі мен жүгіру құрылғысы, шахмат, дойбы және зағип жандарға арналған үстел теннисі ойындары бар.
«Денсаулығына байланысты Нұрмұхамед немеремді өз қамқорлығыма алғанмын. Қызымның бұдан басқа 6 перзенті бар. Орталыққа келгелі балам көпшілік ортаға бейімделе бастады. Ол сыртқа жиі шығып бір сәт серігіп келетін мүмкіндік болмаған соң психологиялық жайсыздықтан көбірек ашуға бой алдыратын. Ал енді орталық ашылғалы инвотакси келіп, үйден алып кететін күнді тағатсыздана күтеді. Осы жерде жасаған іс-әрекеттерін апта бойы үйде айтып мақтанып жүреді», – дейді Ақдала ауылының тұрғыны Мейрамгүл Төлебаева.
Айта кетейік, орталық кітапханасының қорында 1 671 дана кітап бар. Сондай-ақ, 230-дан астам аудидискпен сақталған әлемге әйгілі классикалық шығармалардың қазақ және орыс тілдеріндегі аудармаларын кездестіруге болады. Ал, зағип жандарға арналған Брайль әліпбиі негізінде жазылған 144 кітаптың 26-сы орыс тілінде жазылған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*