Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН: УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦЕЙ ЖОҒАЛҒАН БОЙЖЕТКЕНДІ ТАПТЫ

ТҮРКІСТАН: УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦЕЙ ЖОҒАЛҒАН БОЙЖЕТКЕНДІ ТАПТЫ

Учаскелік полицей құрбыларымен бірге өзенге қыдырып кетіп, із-түзсіз жоғалған қызды тапты. Арыс АПБ-ға Шымкент қаласының жергілікті тұрғыны, 21 жастағы қыздың анасы арызданды. Ол өз арызында қызының құрбыларымен Арыс ауданындағы өзенге демалуға шығып кетіп, сол күйі оралмағанын жазып көрсеткен. Ата-анасы өз еріктерімен бір күн бойы іздеп, нәтиже шықпағаннан соң полицияға хабарлаған.
Полицейлер іздестіру жұмыстарына жеке құрамды жұмылдырды. Сонымен қатар барлық учаскелік полицейлер мен жедел уәкілдер Арыс аумағын іздестірді.
Осылайша жан-жақты жүргізілген іздестіру жұмыстары өз нәтижесін көрсетті. Полицейлер жоғалған қызды Арыс ауданындағы ауылдардың бірінің маңында кетіп бара жатқан жерінен тауып, полиция бөліміне жеткізді.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты тексеру мен бойжеткеннен сұрау барысында, оның құрбыларымен бірге өзеннің жағасына демалуға барып, сол күні олармен сөзге келіп қалып, жалғыз өзі жолға шығып кеткенін анықтады. Осылайша жаяу жүріп, айдалада жалғыз қалған. Таң ата қайтадан жолға шыққан бойжеткен ауылдардың бірінің маңына жеткен кезде учаскелік полиция инспекторы Ғалымжан Бижановтың көзіне түскен. Жоғалған қызды белгілері бойынша алыстан таныған полицей оны қызметтік көлігімен полиция бөліміне жеткізді. Табылған қызбен полиция бөліміндегі психолог мамандары сөйлесіп, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жоғалған азаматша дін аман, өз отбасымен бірге.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*