Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА 100 МЫҢ КІТАП ҚОРЫ БАР КІТАПХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА 100 МЫҢ КІТАП ҚОРЫ БАР КІТАПХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Бәйдібек ауданы, Шаян ауылынан 100 мың кітап қорына арналған аудандық орталық кітапхананың құрылысы басталды. Екі қабатты кітапхана ғимаратының құрылысын «Құрылыс Энерго KZ» ЖШС-гі жүргізуде. Республикалық бюджеттен қаржысы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталған аудандық орталық кітапхананың ғимараты ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңына дейін аяқталып пайдалануға беру жоспарлануда.
Бүгінде аудандық мәдениет үйінің ғимаратында отырған орталық кітапхана 2022 жылдан бастап жаңа ғимаратта жұмыстарын бастамақ. Жаңа білім ошағының құрылыс барысы аудан басшылығының жіті бақылауында.
Жалпы, Бәйдібек ауданында 25 кітапхана жұмыс істейді. Оның 23-і ауылдық, 1-еуі аудандық орталық кітапхана, 1-еуі балалар кітапханасы бар. Ондағы кітап қоры — 221 849.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*