Түркістан облысы Сайрам ауданының жаны жомарт азаматтары мұқтаж отбасын баспанамен қамтуға ниетті.
Демеушілер есебінен Хамдам Хадиметовтің жанұясына Қарамұрт ауылдық округі, Низамабад елді мекенінен 5 бөлмелі үй салынуда. Баспана құрылысы ағымдағы жылы қараша айында аяқталады деп күтілуде. Құрылыс жұмыстарын Зульфия Өмірзақова бастаған «Нур Ихсан» қоры қаржыландырған. Отағасы Хамдам – мал бағушы, әйелі — үй шаруасында. 3 баланы тәрбиелеп отырған аз қамтылған отбасы тозығы жеткен, апатты жағдайдағы 1 бөлмелі үйді паналап отыр. Қазіргі таңда жаңа үйдің есік-терезелерін орнатуға тапсырыс берілген. Сондай-ақ, жылу жүйесі мен ауыз су мәселесі де өз шешімін табады.