Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ САЙЛАУЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ САЙЛАУЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТІП ЖАТЫР

Бүгін тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын қоғам жылы қабылдап, оң бағасын берді. Республика бойынша 14 өңірдің 176 ауданындағы 730 ауыл округінде сайлау өткізу жөнінде шешім қабылданды. Түркістан облысында да ауыл әкімдерінің сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр. Атап айтсақ, өңірде 60 ауыл округі әкімдерінің сайлауына сайлаушылар таңғы 7.00-ден бастап атсалысып, өз таңдауларын жасай бастады.
Ең алғаш дауыс бергендердің бірі – 86 жастағы Үсіпбек Сапарбеков ақсақал. Арыс қаласы, Монтайтас ауылындағы №20 сайлау часкесінде дауыс берген ауылдың ең жасы үлкен ақсақалы елді бірлікке, үміткерлерді ел алдындағы сертке адал болуға шақырып, ақ батасын берді. Сонымен бірге Арыс қаласы, Байырқұм ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Жасан Сахов бұл сайлаудың ауыл өміріне тікелей әсер ететінін айтып, саяси додаға жоғары бағасын берді. Өз таңдауын жасап, азаматтарға сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, Түркістан облысы, Сайрам ауданында да сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Құтарыс ауылдық округінде таңғы 8.20-ға дейін 112 адам дауыс беріп үлгерген. Ең алғашқы 5 сайлаушыға сыйлықтар үлестірілген.
Өңірдегі 16 аумақтан жалпы саны 166 үміткер тіркеліп, саяси доданың үгіт-насихат кезеңін жүргізді. Оның ішінде ең көп кандидат ұсынған «Nur Otan» партиясы. Жетекші партиядан 47 үміткер қатысып жатыр. Ал жалпы Түркістан өңірінде халық саны 2 049 681 адам болса, оның 1 160 196-сы дауыс беруге құқылы. Ал ауыл әкімдері сайлауы бойынша Түркістан облысындағы учаскелер саны – 241. Осы учаскелерде 265 146 адам өз таңдауын жасайды. Сайлау учаскелерінде карантин талаптары сақталған. Саяси доданың әділ өтуін арнайы бақылаушылар бақылап отыр.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*