Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының тұрғыны Севара Тойметова 2003 жылы туған. Бүгін ол жергілікті №58-сайлау учаскесіне барып, алғаш рет өз таңдауын жасады. Елімізде бірінші рет өткізіліп жатқан ауыл әкімдерінің сайлауына тұрғындардың дауыс беруі белсенді.
«Ауылымызда еңбекқор, білімді азаматтар көп. Бүгінгі сайлауда сондай азамат ауыл әкімі болады деп ойлаймын. Өзім де сондай азаматқа дауыс бердім. Сайланған әкім ауылымыздың дамуына белсене атсалысады деп ойлаймын», — дейді С.Тойметова.
Оқуды үздік аяқтаған ол биыл Алматы қаласындағы Абай атындағы педагогикалық университетінің «Алғашқы әсери дайындық» пәні бойынша грантқа түскен.